Денсаулық министрлігі Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

0
525

Л.Бюрабекова 2020 жылдың сәуір айында ғана вице-министр болып тағайындалған еді.


Денсаулық министрлігі Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов министрдің орынбасары болған Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.

«Людмила Бюрабекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Оның қайда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Оның қайда орналасатыны туралы белгілі болған кезде өзі немесе мен сіздерге хабарлаймын», - деді Бағдат Қожахметов бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетерлігі, Л.Бюрабекова 2020 жылдың сәуір айында ғана вице-министр болып тағайындалған еді.