Денсаулық сақтау министрі өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздың жағдайын айтты

0
453

3 қазан күні кішкентай егіз қызды зорлады деген күдікпен Алматы облысында ер адам ұсталған еді.


Денсаулық сақтау министрі өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздың жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өгей әкесінен зорлық көрген үш жасар егіз қыздардың қазіргі жағдайын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде балалардың денсаулығы орташа ауыр, дәрігерлердің бақылауында. Ол бүлдіршіндерде зорлау белгілері болғанын біздің медицина мамандары бірден анықтады. Олар толық тексеруден өтті. Бұл факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды. Алынған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазіргі таңда олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Ажар Ғиният ОҚК-де өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, 3 қазан күні кішкентай егіз қызды зорлады деген күдікпен Алматы облысында ер адам ұсталған еді. Кеше күдіктінің әйелі де қамауға алынды.

Сонымен қатар басқа бір алматылық тұрғын 1-сыныптағы баласының зорланғанын мәлімдеді.