​Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл әлемге қауіп төндірген жаңа инфекция жайлы айтты

0
1 098

Биыл инфекцияның жаңа түрі пайда болды. Бүгінгі күні ол жаһандық қауіп төндіруде


​Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл әлемге қауіп төндірген жаңа инфекция жайлы айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа инфекция түрінің пайда болғанын айтты. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ақпаратпен бөлісті, деп жазады NUR.KZ.

"Биыл инфекцияның жаңа түрі пайда болды. Оған ДСҰ "Х инфекциясы" деген атау беріп отыр. Бүгінгі күні ол жаһандық қауіп төндіруде", - деді Бекшин брифинг кезінде.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері "Х инфекциясы" туралы толық ақпарат бермеді. Жандарбек Бекшин, сонымен бірге, Алматыдағы орталық референтті зертхананың ашылуына бір жыл толғанын да атап өтті.

Нысанды бүгінде денсаулық сақтау, білім және ғылым, сонымен бірге Қазақстанның ауыл шаруашылығы секілді үш министрлік пайдаланып отырғанын айтты.

"Әлемдегі барлық экономикалық мемлекеттердің осындай зертханалары бар. Бұл зертханалар мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Бекшин.

Спикердің айтуынша, мұндай зертханалар қандай да бір эпидемиялар немесе аса қауіпті инфекциялардың өршуі кезінде тұрақтылықтық кепілі бола алады.