Денсаулық сақтау министрлігі қандалаға қарсы шараны өздігінен жүргізбеуді ескертті

0
478

2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы қызметке түрін лицензиялау енгізіледі.


Денсаулық сақтау министрлігі қандалаға қарсы шараны өздігінен жүргізбеуді ескертті

ERNUR.KZ. Кейінгі уақытта тұрғындардан тұрғын үй-жайларда қандаланың көбеюіне қатысты шағымдар келді. Сонымен қатар азаматтардың осы жәндіктерден тұрғын үй-жайларды өз бетінше тазарту фактілері жиі кездеседі. Министрліктің айтуынша, бұл – адам денсаулығы үшін қауіпті, деп жазады zakon.kz.

"Қазір Қазақстанда үйлерді қандаладан тазарту бойынша қызметтерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңының шеңберінде мамандандырылған компаниялар ғана көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы қызметке түрін лицензиялау енгізіледі. Алайда оларды тазарту үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жатады", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін азаматтар мынадай ұсынымдарды білуге және есте сақтауға тиіс:

  • 1) тазартуды өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
  • 2) қандаладан тазарту үшін мамандандырылған компанияларға хабарласу қажет;
  • 3) мамандандырылған компаниялармен бірлесіп тазарту жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (ПИК, МИБ және т. б.) және тұрғын алаңындағы, жоғарғы және төменгі қабаттағы көршілерін оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар ету қажет;
  • 4) мамандандырылған компаниялар желдеткіштер мен терезелер жабық болған кезде тазарту жүргізеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай препаратты қолдану жөніндегі нұсқауға сай мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, бірақ препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.

"Қандаладан өз бетіңізше тазарту сіздің және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!", - деп қосты дәрігерлер.