Депутат ақша аударымдары миллион теңгеге дейінгі қазақстандықтарға "тиіспеуді" ұсынды

0
302

Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.


Депутат ақша аударымдары миллион теңгеге дейінгі қазақстандықтарға

ERNUR.KZ. Депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

"Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден [асатын] аударымдарға ғана критерий енгізу", - деді ол.

Ақша-кредит саласына келетін болсақ, Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.

"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол.