​Депутат мемлекетке төл атауын қайтаруды ұсынды

0
1 217

Мемлекетімізге төл атауымызды қайтаруымыз керек.


​Депутат мемлекетке төл атауын қайтаруды ұсынды

фото: top-news.kz

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мемлекетке «Қазақ» атауын қайтаруды ұсынды, деп жазады BAQ.KZ.

«Менің ойымша, мемлекетімізге төл атауымызды қайтаруымыз керек. Ол «Қазақ» атауы. Мәселе мемлекет атауын өзгертуде емес. Біз «Қазақстан» атауымен қатар «Қазақ Республикасы» деген ресми атауды бірге қолдануды ұсынамыз», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистерге.