Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек

0
3 131

Нұржан Әлтаев Мамин бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынға алды.


Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды. Ол халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай, дерттің алдын алу екіталай екенін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бір апталық жұмысын жіпке тізіп, Асқар Маминге бүгін есеп берген Алексей Цойдың статистикасы көңілге үміт ұялатады. Дегенмен министрвирустың таралуы бәсеңдемей жатқан бірқатар өңірде карантин шаралары қайтакүшейтілуі мүмкін деді.Сонымен эпид ахуал қай облыстарда дұрысталмай жатыр? Сондай-ақ, бетпердені тағуға қатысты заңға қандай өзгерістер енгізілді?

Соңғы тәулікте ковидтен тағы 33 отандасымыз келмеске кетіп, жұқпалы індетті жұқтырғандардың қызыл тізіміне жаңадан 1200-ге жуық адам қосылыпты. Дегенмен бір аптада вирустың таралуы бірден 18 пайызға төмендеген екен. Алайда Қостанай мен Ақмола облыстарында ахуал әлі де мәз емес. Премьер-министр Асқар Мамин аталған өңірлердің басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді.


«Бұл өңірлерде жағдай күрделі және әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аудару қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек», - деді Премьер-министр Асқар Мамин.



Одан бөлек, көктемгі карантинде болған қарбаластың қайталанбауы үшін, Үкімет күзде күтілетін ковидтің екінші толқынына дайындықты қазірден бастапты. Жұмыс барысын Асқар Маминнің өзі бақылап жатыр.


«126 мемлекетте ауру жұқтырғандар саны жаңа өсімін көрсетіп отыр. Пандемияның жаңа толқыны күзде болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Коронаның алдын-алу үшін барлық белгіленген талаптарды қамтамасыз етіп, жоспарларған шаралардың жүзеге асыруын қамтамасыз ету керек», - деді Премьер-министр Асқар Мамин.


Алайда, Мамин бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған депутат Нұржан Әлтаевтың айтары басқа. Дайындық өз алдына, бірақжауапты ведомстволарда әуелі жемқорлық тыйылмай, елдегі вирустың таралуы тарылмайды дейді халық қалаулысы.Мәжілісмен вируспен күреске деп бөлінген миллиардтардыңдұрыс жаратылмай жатқанына қапалы.


«Ең біріншіден бұл жерде мынау коронавирус емес, ең басты проблемалардың салдары ол- жемқорлық! Жемқорлықтың кең таралғаны. Сол жемқорлықты жеңбей, осы біздің мемлекеттік басқару жүйелерін өзгертпей, ешқандай нәтиже болмайды деп санаймын», - дейді Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев.


Қалай болғанда да,Үкімет резервінен денсаулық сақтау минисрлігіне қосымша ПТР тесттерді алу үшін тағы қаржы қарастырылып отыр. Алайда атқарушы билік оған нақты қанша қаражат бөлінетіні жайлысол күйі тіс жармады.