Депутат жүргізуші куәлігін беретін мекемені өзгертуді ұсынды

0
490

Депутат жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанын айтты.


Депутат жүргізуші куәлігін беретін мекемені өзгертуді ұсынды

ERNUR.KZ. Депутат Олжас Құспеков жүргізуші куәлігін беретін мекемені өзгертуді ұсынды, деп жазады baq.kz.

Respublica партиясы фракциясының депутаттары осы мәселеге қатысты сауалды Үкімет басшысына жолдады.

Депутат жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанын айтты.

Құспеков келтірген деректерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғалары тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады. Жол апаты салдарынан туындайтын экономикалық шығынның көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің 3% құрайды.

Сарапшылардың пайымдауынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюінің негізгі себебі – емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігі. Ондай көмекті емтиханды өткізуді ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері де, «автоЦОН» қызметкерлері де ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылардың саны орташа есеппен 424 мың адамды құраса, ең төменгі жобамен олардың 10 пайызы – 42 мың адам куәлікті сатып алса, сатудан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады, - дейді депутат.

Құспеков жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл мемлекет қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастауды ұсынды.

Ішкі істер және Цифрлық даму министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құруды, сыбайлас жемқорлық белгілері бар тәуекелдерге түбегейлі талдау жасап, болашақта оларды болдырмау жайлы механизмді енгізуді және осы мемлекеттік қызмет түрін бәсекелестік жағдайында және ҚР заңдарын сақтай отырып нарыққа беруді ұсынамын, - деп айтты депутат Олжас Құспеков.