Депутаттар шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды

0
591

3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада апат болып, бес кенші көз жұмған еді.


Депутаттар шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары сәрсенбідегі кезекті отырысты Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады, деп жазады sputnik.kz.

3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада апат болып, бес кенші көз жұмған еді.
"Барлық депутаттық корпус атынан қайтыс болған кеншілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Осыған байланысты қазаға ұшыраған азаматтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын", - деді мәжіліс спикері Ерлан Қошанов отырысты ашып.
3 қарашада Ленин атындағы шахтада дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан жарылды. Артынан өрт шықты. Апат салдарынан 5 кенші қаза тапты. Тағы төрт жұмысшы ауруханаға түсті.
6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Казахстанская" шахтасында тағы бір қызметкердің денесі табылды. Марқұм кәсіпорынның көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде істеген. Оқиға кезінде жұмысшы қызметтік кезекшілікте болмаған.
7 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында апат жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін мәлімдеді. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапқан.
Мемлекет басшысы жедел түрде қатаң шаралар қабылдауды тапсырып, зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тартуды ұсынды.