Диана Еркін Германиядағы ән байқауына қатысады

0
1 363

Ол әйгілі еуропалық додаға қатысқалы отырған алғашқы қазақстандық әнші болмақ.


Диана Еркін Германиядағы ән байқауына қатысады

ERNUR.KZ. Дауысымен әлем музыканттарын тәнті еткен қаршадай қыз жақында Германиядағы балалар ән байқауына (Voice Kids Germany) қатыспақ, деп жазады Aikyn.kz.

Әдетте бұған тек еуропалық таланттар ғана қатысып, бақ сынай алады. Сондықтан Диана мұндай әйгілі еуропалық додаға қатысқалы отырған алғашқы қазақстандық әнші болмақ. Оның керемет таланты, ғажайып вокалы, осыған дейін жиған халықаралық тәжірибесі мен музыкалық қабілеті – Германия халқы мен ондағы атақты сарапшыларды да таңғалдыратыны анық.

«Голос. Дети. Германия» байқауының кастингіне қатысқалы жатқан Диана байқаудың іріктеу бәсекесіне қалай шақырту алғанын айтты.

"Бәрі Украинада өткен Еуро­видениенің балалар академиясы жобасынан басталды. Сол байқау­дың 5 маусымында өнер көрсет­кен болатынмын. Конкурсқа 7 мемлекеттен 11 үміткер қатысқан. Мен солардың арасынан үздік шығып, Гран-при иелендім. Осы жобаға қатысар алдында еуро­па­лық музыканттар мен мұғалім­дерден сабақ алып жүретінмін. Сондай сәттердің бірінде герма­ниялық музыкалық редактор Верена Янссонмен танысып қалдым. Олар мені Германиядағы жобаға қатысып көруге шақырды", - деді жас әнші Диана.

Sting Tribute музыкалық жобасында Диананың вокалдық мүмкіндігін байқаған танымал украиналық композитор Михаил Брунский оны өзінің еуропалық мюзиклі «Алладинге» қатысуға шақырған. Ол жерде талантты әрі жас қазақ әншісі кішкентай Будурдың рөлін ойнамақшы. Көп ұзамай-ақ әдемі әрі қуатты дауыс иесін еуропалық сахналардан көріп қалатын сәт те алыс емес сияқты.