«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

0
471

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр.


«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық сотының мәліметінше, «дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті Д. азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы өтініші қанағаттандырылды. Күзетпен ұстау 12-ші айға ұзартылды, яғни 2023 жылдың 7 қаңтар күніне дейін. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Дикий Арман Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр: атыс қаруын заңсыз сатып алу, зорлық-зомбылықпен, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, сондай-ақ абайсызда адам өлтіру.