Дикий Арманның Қазақстан құрамасындағы боксшыларға ақша таратқан сәті видеоға түсіп қалды

0
556

Кадрда Дикий Арманның Қазақстан құрамасының боксшыларына ақшаны қалай таратып жатқаны бейнеленген.


Дикий Арманның Қазақстан құрамасындағы боксшыларға ақша таратқан сәті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Дикий Арманның (Арман Жұмагелдиев) Қазақстан атынан бокстан әлем чемпионатыа қатысқан боксшыларға ақша таратып жатқан видеосы тарады, деп жазады Stan.kz.

"Медаль алған жоқ, есесіне ақша алды", - делінген видеода.

Кадрда Дикий Арманның Қазақстан құрамасының боксшыларына ақшаны қалай таратып жатқаны бейнеленген.

Айта кету керек, бастапқыда видео желіге Instagram желісіндегі Stories арқылы тарады. Оны жиынға қатысушылардың бірі жариялаған.

Айта кету керек, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасынан бес адам шықты. Шешуші жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бекбосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) сынға түседі.