Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшеді

0
2 579

Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді.


Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшуге ниетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының тоғыз минуттық үзіндісін Димаш Instagram-парақшасында жариялады.

Әнші жанкүйерлер қарым-қатынасы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратынын, Қытайдағы шығармашылығы және ондағы тұрғындардың оны қалай қарсы алғаны туралы сөз қозғады.

"Менің қытайлық жанкүйерлерім өте мейірімді және қамқор", - деді әнші.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Видео соңына әншінің жанкүйерлері оны қолдап, сәттілік тілеп, түрлі пікір қалдырған.

"АҚШ-қа шығармашылығыңды дамытуға кетіп бара жатқаның біз үшін өте қуанышты жайт!!!"- деп жазады оқырмандар.