Димаш Құдайберген америкалық Forbes парақшасына енді

0
634

Жанкүйерлер Димашты маңызды оқиғамен құттықтап, оған шексіз сүйіспеншіліктерін білдірді.


Димаш Құдайберген америкалық Forbes парақшасына енді

ERNUR.KZ. Ресейлік әртіс Димаш Құдайбергеннің Fly Away әні америкалық Forbes журналы құрастырған Twitter желісіндегі ең көп талқыланған тректер рейтингіне еніп, тізімде алтыншы орынға тұрақтады, деп жазады stan.kz.

Бұл жаңалықты Димаш Құйдаберген әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен бөлісті.

"American Forbes. Толық мәтінді ресми парақшадан оқуға болады", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Америкалық Forbes басылымы құрастырған Hot Trending Songs рейтингінде Димаш Құдайбергеннің әні алтыншы орынға табан тіреді. Журналдың атап өтуінше, бұл осы аптадағы ең шулы дебют, себебі қазақстандық әртіс алғаш рет Twitter желісіндегі ең көп талқыланған тректер кестесіне енді.

"Әрине, оның бүкіл әлемде үлкен жанкүйерлері бар, бұл оның жеткілікті твиттер алуына көмектесті", - деп жазады Forbes.

Жанкүйерлер Димашты маңызды оқиғамен құттықтап, оған шексіз сүйіспеншіліктерін білдірді.

"Браво, Димаш! Сені бүкіл әлем біледі және жақсы көреді!", "Бұл керемет жаңалық", "Әндеріңді барынша көп адам тыңдауы керек", "Керемет! Соңғы кездегі керемет жаңалық! "," Браво, қымбаттым! Біз сені мақтан тұтамыз!" - деп жазды олар.