Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік 20 әншінің қатарына енді

0
610

Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.


Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік 20 әншінің қатарына енді

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Billboard Hot Trending Songs чартының топ-20 қатарына кірді, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді.

"Қолдауларыңыз бен ықылас, ниеттеріңіз үшін мың алғыс, құрметті достар!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Қазір Димаштың әні рейтингіде 19-орында. Айта кетейік, әйгілі ұлыбританиялық әнші Adele Easy on me әнімен қазақстандық әншіден 500 дауысқа ғана алда.

Еске салайық, Димаш Құдайберген Fly away әнін Сочидегі "Новая волна - 2021" фестивалінде таныстырған болатын.