Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға қазақы дәстүрмен шапан жапты

0
341


Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға қазақы дәстүрмен шапан жапты

ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген атақты опера әншісі Пласидо Домингоға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен арқасына шапан жапты, деп жазады Zakon.kz.




Ыстық ықыласқа толы сол бір сәттің суретін әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген ХХ ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", деп жазды желіде Димаш Құдайберген.


Айта кетсек, Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында бірге ән шырқап, көрермендерге ұмтылмас керемет көңіл-күй сыйлаған болатын.