​Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасы «алтын батырмаға» ие болды

0
2 652

Әнші шығармашылығына қолдау білдіріп жүрген ұжымы мен жақындарына да зор алғысын білдірді.


​Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасы «алтын батырмаға» ие болды

Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасы «алтын батырмаға» ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Димаш Іnstagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Әншінің аталмыш әлеуметтік желідегі ресми арнасына жазылушылар саны 1,2 миллион адамға жеткендіктен, оған YouTube-тің арнайы «алтын батырмасы» табыс етілді.

«Құрметті достар, бұл бейнетаспаны түсіріп отырған мақсатым, сіздерге алғыс айту. Біздің YouТube арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны 1 миллионнан асып, осындай «алтын батырма» алып, тамаша марапатқа ие болдық. Ең алдымен менің өнеріме баға беріп, әрқашан «Осы баланың болашағы жарқын болсын» деп тілеуімді тілеп жүретін әлемдегі әрбір тыңдарманыма шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ осы сәтті пайдаланып, шығармашылығыма ерекше атсалысып жүрген ұжымыма, менеджерлеріме, әрине, ата-анама туған-туыс, ағайын-бауырларыма, жерлестеріме үлкен рахмет айтамын», - дейді Димаш.