Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

0
1 758

Клипті ресейлік режиссер Евгений Курицын түсірген.


Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі ресми арнасында "Я скучаю по тебе" ("Мен сені сағынып жүрмін") композициясының жаңа бейнебаяны шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Желтоқсанның басында Димаш НТВ телеарнасындағы "Центральное телевидение" бағдарламасында "Я скучаю по тебе" әнін алғаш рет орындаған еді.
Жаңа композиция ресейлік продюсер Игорь Крутой мен композитор Игорь Николаевтың жұмысының нәтижесі болып саналады.
Димаш бұл әнді сүйікті жанкүйерлеріне арнағанын, олармен ұзақ уақыт бірге болмаған сәтті терең ойымен бөліскісі келетінін атап өтті.
Жаңа композиция - әншінің әр жанкүйеріне жеке үндеуі. Онда Димаш оларды қатты сағынып жүргенін көрсетеді.
Клипті ресейлік режиссер Евгений Курицын түсірген. Ол "Я скучаю по тебе" әніне бейнебаян түсіретінін естігенде басты кейіпкердің эмоциясы мен уайымын көрсету маңызды екенін түсінген.
Алғашында клипті ашық кеңістікте түсіру жоспарланған. Алайда желтоқсан жақындаған сайын бұл идеяның жүзеге асуы қиындай түскен. Евгений ауа райын бақылай отырып, әндегі атмосфераны толығымен беру қиын болатынын түсінген. Сондықтан клипті хромакейде (жасыл экранда) түсіру туралы шешім қабылдаған.
Сондықтан клипте қала, теңіз жағалауы, көпір және басты кейіпкердің үйі көрсетіледі. Бейнебаяндағы шөл дал кейіпкердің сүйіктісін қаншалықты сағынып жүргенін бейнелейді. Оның сүйіктісі клипте көрінбейді. Оны тек үйдегі суреттерден ғана көруге болады. Бұл да айырылысуды еске салады.