Димаш Құдайбергенов ыңғайсыз жағдайға тап болды

0
5 980

Димаштың жанкүйерлері бұл олқылықты әншінің өнеріне сын таққысы келгендердің әрекеті деп бағалады.


Димаш Құдайбергенов ыңғайсыз жағдайға тап болды

ERNUR.KZ. Сочиде өткен "Новая волна-2018" байқауында Димаш Құдайбергенов ыңғайсыз жағдайға тап болды. Әнші сахнада өнер көрсетуге шыққанда, 20 секунд бойы оның микрофоны қосылмай қалған, деп жазады NUR.KZ.

Димаш Құдайбергенов техникалық ақауларға қарамастан, халық алдында өзін байыпты ұстап, ән айтуын жалғастыра берді.

Алайда сахнадағы кедергілер мұнымен біткен жоқ. Димаштың жанкүйерлері бұл олқылықты әншінің өнеріне сын таққысы келгендердің әрекеті деп бағалады.

Димаш әнін аяқтаған соң, әдеттегідей халықтың зор қошеметіне бөленді. Оған жанталаса жүгірген қыздарға қарап, кеш жүргізушілері таңданысын жасыра алмады. Тіпті сыйға тарқан гүлдерді қалай алып кететінін ойлап, бас қатырды.

Қазақ әншісінің өнеріне табынушылар Димашқа дейін сахнаға шыққан жұлдыздарды микрофонды өшіріп, фонограммамен ән шырқаған деп отыр.

"Ұйымдастырушылар ұятқа қалды. Сонда да сен жарадың, Димаш! Дауысың өте керемет! Сені жақсы көріп, мақтан етеміз!", "Ол ән айтып жатқанда ұйымдастырушылар бір-бірімен сөйлесіп жатты. Өте ұят болды, бұл - әншіні сыйламау деген сөз", - деп пікір қалдырған YouTube и Instagram желісінің қолданушылары.