Димаштың әні алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды

0
576

Maxima FM 97.7 - Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанция.


Димаштың әні алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды

ERNUR.KZ. Димаш Құдайбергеннің дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды, деп жазады inform.kz.

25 сәуірде Уругвайдың Maxima FM 97.7 радиостанциясында Димаштың «Together» синглы шырқалды.

Бұл - қазақстандық әртістің Уругвай радиосындағы алғашқы таратылымы.

Maxima FM 97.7 - Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанция.

Радио елдің соңғы жаңалықтары мен қызықты оқиғаларын, сондай-ақ әртүрлі жанрдағы музыканы таратады.

Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған «Together» соңғы шыққан композициясы уругвайлық Dears-тің белсенді сұрауларының арқасында «Los recomendables» бағдарламасында орындалды.

Радио жүргізушісі Эмина Димаштың Уругвай фан-клубына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, оны осындай таңғажайып әртістермен мүмкіндігінше жиі таныстыруды өтінді.