Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді

0
845

Ресейдің МузТВ арнасы 2019 жылдың «100 үздік бейнебаян» жобасының қорытындысын жариялады.


Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді

ERNUR.KZ. Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны үздіктер қатарына кірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресейдің МузТВ арнасы 2019 жылдың «100 үздік бейнебаян» жобасының қорытындысын жариялады. Бұл рейтингте Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны 24 орында тұр.

Еске салсақ, Димаштың жанкүйерлері көптен күткен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаян шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз .


«Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінің сөзін ресейлік ақын - Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазды.

Димаш Құдайберген аталған клипін түсіру үшін Испанияға аттанған болатын. Арада көп өтпей, әнші аталмыш елдегі бейнебаянның түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді.

«Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш.