Димаштың бейнеклиптерін танымал түркиялық телеарна көрсете бастады

0
684

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі.​


Димаштың бейнеклиптерін танымал түркиялық телеарна көрсете бастады

Димаш Құдайбергеннің әндеріне арналған музыкалық клиптер Түркияда көрсетіле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Менің клиптерімді Turkish Music Channel- де көрсету басталды", - деп жазды әнші.

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі.

Ол әлеуметтік желіде "Любовь уставших лебедей" әніне түсірілген клиптің үзіндісін жариялады.

Бұған дейін, Димаш Құдайберген Джеки Чанның "Авангард: Арктикалық қасқырлар" атты жаңа фильмінің басты әнін жазған болатын.