Димаштың концертін АҚШ-та ұйымдастыру біз үшін үлкен мәртебе - А.Райымқұлова

0
981

Мәдени шара АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтпекші.


Димаштың концертін АҚШ-та ұйымдастыру біз үшін үлкен мәртебе - А.Райымқұлова

ERNUR.KZ. 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі «Barclays Center» аренасында Димаш Құдайберген (DQ) «Арнау» бағдарламасымен аме­рикалықтарға өзінің жеке концертін ұсынады. Димаштың алып елдегі кон­цертін ұйымдастыруға Мәде­ниет және спорт министрлігінің өзі бастамашы болып отыр, деп жазады egemen.kz.

Әдетте Қа­зақ­станды басынан қайғы бұл­­ты арылмаған көп «стан»-ның санатына жиі қосатын аме­ри­калықтардың енді дала әуені­мен жақынырақ танысуына мүмкіндік туып отыр. Ұланына қарап Ұлы даланың тарихына, мың­жылдық мәдениетіне үңі­летін сәт бұл.

Мә­дени шара АҚШ-тағы Қазақ­стан Республикасының мәдени күн­дері аясында өтпекші. Қа­лай десек те, мұхиттың арғы бе­тіндегілер аталған жобада қазақ мәдениетінің өркениетке қосатын жауһарларымен жақынырақ танысатын болады.

Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлованың өзі атал­ған шараға орай: «Ди­маш­тың кон­цертін АҚШ-та ұйым­­дастыру біз үшін үлкен мәр­т­ебе. Димаш өнер көрсеткен бар­лық елдегідей, Аме­риканың ерке жұртын тәнті ететініне сенім­діміз», – дейді.

Азия мен қарт құрлықтың өнерсүйер қауымы Алаш әнші­сінің ерекше дауыс құдіретіне таңдай қағып жатқанда, одан аме­рикалықтар бейхабар дей алмаймыз. Қазіргідей «жыл­дам хабар алғызатын» заман­да Димаштың өнер аренасындағы дүбіріне қанық екендігі сөзсіз. Басқасы басқа, америкалықтарға етене жақын Тұманды Альбиондағы өткен қазақ әншісінің концертіне оның табынушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды, ал билеттер рекордты қысқа мер­зімде сатылып кетті. Ендеше, Лон­­донның жаңалығынан Ва­шингтон да хабардар.

Осыдан да болса керек, Димаш­тың Нью-Йорктегі кон­цертін ұйым­дастыруға қазақ­стандық режиссерлермен және хореограф-қоюшылармен бір­ге америкалық танымал ре­жис­­­серлер де белсене кірісіпті. Қалың жұртты қам­ти­­тын жобаның әлеуетін аме­ри­ка­лықтар жақсы біледі ғой. Олай болса, аталған жобаның қа­зақ мәдениетін әлемге таныс­ты­рудағы үлесі де табысты болады деген сенімдеміз.