Димаштың тұрған үйі хостелге айналуы мүмкін

0
711

Димаш Құдайберген қазір ата-анасының жанында, Қазақстанда


Димаштың тұрған үйі хостелге айналуы мүмкін

ERNUR.KZ. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде болған тікелей эфирде карантиннің қалай өтіп жатқанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Димаштың ата-анасынан сұқбат алды. Қанат және Света Айтбаевтар отбасымен қазір Нұр - Сұлтан қаласында тұрып жатыр. Димаш та демалыста.

«Осы жылға жоспарлаған шаруаларымыздың уақыты өзгеріп жатыр. Бәрі реттелсе жүйелі іс жүйесін табады деп есептейміз. Өкінішке қарай пандемияға байланысты Ресей, Еуропа елдерінде концерт беріп, Жапониядағы фестивальге қатысу кейінге шегерілді. Алда уақыты нақтыланып, Димаш өз тыңдармандарын қуантады деп ойлаймын», - деді Қанат Айтбаев. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев айтуынша, Димаш тұрған үй болашақта хостелге айналады. Бұл ақпаратты Қанат Айтбаев растады. «Оны болашақта көре жатармыз. Қазір ондай ой бар», - деді ол.

Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген қазір ата-анасының жанында, Қазақстанда. Кітап оқып, әлемдік туындыларды отбасымен тамашалап жүр.

«Димаш төрт жыл бойы жұмыс істеді. Қазір ол демалыстың қызығын сезініп жатыр. Ол көбіне кітап оқиды, фильм қарайды. Кейде режиссерлердің туындысын бірге талқылаймыз. Бүгін де әлемдік киноқордан бір туынды тамашалап, талқылауды жоспарлап отырмыз», - деді Қ. Айтбаев.