Дінаралық диалог мәдениетке бастайды

0
617

2022 жылы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Сьезі өтетіні белгілі.


Дінаралық диалог мәдениетке бастайды

иллюстрациялық фото

Бұл өтетін халықаралық іс-шараның маңыздылығы жоғары. Себебі, осы сьезде діни концепция шеңберіндегі диалогтың мақсаттарын бес деңгейлі мақсатта жинақтауға болады, және дін өкілдерінің сұхбаттастары арасындағы келісімге негіз бола алады. Олар: Танысым, өзара түсіністік кеңістігін кеңейту, бірлесіп өмір сүруге қол жеткізу, ынтымақтастық, өзін басқаға таныстыру.

Дін лидерлерінің арасындағы диалогтың ең алғашқы мақсаттарының бірі – бұл жалпы танысу алаңын қамтамасыз ету. Егер монотеистік діндерге көз жүгіртсек, олардың арасында ынтымақтастыққа шақыратын ортақ қағидалар бар екенін және олар өздерінің күш-жігерін біріктіруге шақыратын өзіне тәнбір шындықта өмір сүретінін көреміз. Әсіресе асыл дініміз ислам былай деп бұйырады: «Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: “Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де, сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз деңдер» - Анкабутсүресі, 46-аят.

Заманауи қоғамдардағы сенім мен моральдық құндылықтардың материалдық ұғымдарды есепке алу үшін құлдырауы, біздің қазіргі әлеміміз білетін қақтығыстар мен соғыстардың болуы, пандемияның көрсеткен залалдары, қоршаған ортаның проблемалары адамдардың өміріне өз әсерін тигізуде. Осы және басқа да мәселелердің барлығы дін ұстанушыларының ортақ ойлауын және бірлескен іс-әрекетін талап етеді. Мұндай мәселелер дінді ұстанушыларды әртүрлі наным-сенімдері мен интеллектуалдық тенденцияларына қарамастан, осы салалардағы басқа да қорғаушылармен біріктіре алады.

Діндер көшбасшылары арасындағы диалог екі негізгі қағидадан туындайды:

Бірінші қағида – көзқарастар мен ұғымдардағы айырмашылық пен әртүрлілікті тану және осы сенімді білдіру еркіндігі. Мұндағы диалогтың міндеті – айырмашылықты келіспеушілікке айналдырмау. Диалог өзінің гуманитарлық миссиясында адамдар арасындағы келіспеушіліктерді айыптауға, түзетуге немесе жоюға ұмтылмайды, керісінше бар және үздіксіз ретінде плюрализм мен әртүрлілікті құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға жұмыс істейді. Адамдар арасындағы татулық келіспеушіліктерді жою арқылы емес, диалог арқылы оларды сыйлау болып табылады.

Екінші қағида – басқалардың құндылықтары мен тұжырымдамаларын байыту. Мұндағы диалогтың міндеті – әңгімелесушілер қатар өмір сүру және ортақ азаматтық қағидаттарында бейнеленген жалпыға бірдей және абсолютті ақиқатқа ұмтылуда шығатын салыстырмалы фактілерге негізделген өзара танысу көпірлерін құру. Бұл көптеген көзқарастарға негізделген диалог және оның иелерінің гуманитарлық серіктестікті ілгерілетудегі ынтымақтастығы.

Осылайша, дінді ұстанушылар арасындағы қатар өмір сүру, түсіністік пен ынтымақтастық және бейбітшілік орнатудың, қауіпсіздікке қол жеткізудің, халықтар арасында берік қарым-қатынас орнатудың және адам құқықтарын сақтаудың тиімді құралына айналады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті VII съезі сәтті де жемісті өтуіне тілектеспін.

Темур Аманқұл - Дінтану ғылымдарының Ph.D докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы.

ERNUR.KZ.