Діндер көшбасшылары съезі әлемдегі бейбітшілік үшін үнсіз дұға жасады

0
388

Съез жұмысы «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ YouTube-каналында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.


Діндер көшбасшылары съезі әлемдегі бейбітшілік үшін үнсіз дұға жасады

ERNUR.KZ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі әлемдегі қақтығыстар мен шиеленістерді тоқтату үшін үнсіз дұға жасаумен басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қош келдіңіздер. Съезімізді бастамас бұрын халықтар мен діндер арасындағы келісімді арттыру және әлемдегі қақтығыстар мен шиеленістерді тоқтату үшін жалпы үнсіз дұға жасау ұсынылады», - деді іс-шараны ашқан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Съезге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысып отыр.

Іс-шараның екінші күнінде 4 секция өтеді. Бірінші секция «Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі», екінші секция «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі», үшінші секция «Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі», ал төртінші секция «Әйелдердің қазіргі қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоуымдастықтардың рөлі» деп аталады.

Сонымен қатар осы күні VII Съездің қорытынды құжаты – Декларацияны жария ету жоспарланып отыр.

Съез жұмысы «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ YouTube-каналында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.