​Дінмұхаммед Қонаевтың «Чайкасы» көрмеге қойылды

0
3 403

Қапшағай шаһарында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі – ескі көліктердің көрмесі. Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында Дінмұхамед Қонаев мінген автокөлік бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Дінмұхаммед Қонаевтың «Чайкасы» көрмеге қойылды

фото: inform.kz

Қапшағай шаһарында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі – ескі көліктердің көрмесі. Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында Дінмұхамед Қонаев мінген автокөлік бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Раритетке айналған көліктердің барлығы жергілікті тұрғын, кәсіпкер Мұрат Сергебаевқа тиесілі. Ескі автокөліктерді жинау – оның хоббиі көрінеді. Көрмеге келген жұрт көліктерді қызықтап, естелік суреттерге түсіп жатты.

"Менде ескі үлгідегі осындай 17 көлік бар. Ішіндегі мен үшін ең қымбаты Дінмұхамед Қонаев атамыздың "Чайка" автокөлігі. Қазақтың біртуар перзенті 014 номерімен тұрған мына көлікті 1985 жылға дейін мінген. Оған "Додж" автокөлігінің қозғалтқышын орнатып, қалпына келтірдім. Көрмеге қойылған автокөліктердің барлығы жүріп тұр", - деді М.Сергебаев.