"Дөңгелегін ауыстырып жатқан": Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

0
675

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.


ERNUR.KZ. Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, ер адам қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында болған. Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктері соқтығысқан.

"54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігімен соқтығысады. Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны алдын ала анықталды", - делінген хабарламада.

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ, 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

"Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды", - делінген хабарламада.