Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

0
595

Айбол - алматылық "Қайраттың" түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі.


Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

ERNUR.KZ. Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен 4 жылға футболдан шеттетілді, деп жазады sputnik.kz.

26 жастағы Айбол Әбікен - Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Қазақстан допингке қарсы орталығы мәлім еткендей, мамыр айында Айбол Әбікеннің ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған.
Осылайша, Айбол Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінде ғана, 30 жасқа жақындағанда орала алады.
Айбол - алматылық "Қайраттың" түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі.