Досаев Алматыда хостелде қаза тапқандар туралы: екеуі шетелдік, қалғаны қазақстандық

0
423

Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды.


Досаев Алматыда хостелде қаза тапқандар туралы: екеуі шетелдік, қалғаны қазақстандық

ERNUR.KZ. Әкімдіктің баспасөз қызметі хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандардың арасында бір ресейлік – Саха Республикасының азаматы мен бір Өзбекстан азаматы бар, қалғанының барлығы қазақстандық, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Әкімдіктің баспасөз қызметі сондай-ақ хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады.
"Студенттерден бұл жатақханада тұруға өтініш түспеген, студенттерді бұл хостелге орналастыру жұмысы ұйымдастырылмаған", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.