Дәрігерлік қателіктерді қылмыстық жаза деп қарамау ұсынысы талқыланды

1
2 969

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайта қарау мен дәрігіерлік қателіктерді декриминализациялау өзгерістер мен толықтырулардың маңызды блогы болып табылады.


Дәрігерлік қателіктерді қылмыстық жаза деп қарамау ұсынысы талқыланды

ERNUR.KZ. Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының негізінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының қоғамдық талқылауы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 Кодексіне және 8 Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Заңнамаға ұсынылатын болжамды түзетулерді талқылауға кәсіби қауымдасдықтардың, жеке медициналық ұйымдардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, «Атамекен» ҰКП және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызмет департаментінің өкілдері қатысты.

Заң жобасымен таныстырған, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызмет департаментінің өкілдері аударымдар мен жарна төлеуіне байланысты, құқықтық кемшіліктерді жою мен нақтылайтын ұғымдар бөлігінде, МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, заң жобасында МӘМС-ті енгізу бойынша мерзімін 2020 жылдан 2019 жылдың 1-қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныстар енгізіледі деп ұйғарылады.

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайта қарау мен дәрігіерлік қателіктерді декриминализациялау өзгерістер мен толықтырулардың маңызды блогы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде «медициналық немесе фармацевтикалық қызметшiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы», «медициналық көмектiң тәртiбi мен стандарттарын сақтамау», сондай-ақ белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге осындай ұғымдарды алып тастау ұйғарылады.

Заңнамадағы бірқатар өзгерістер медициналық білім беру жүйесін жетілдіруге және медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:

- интеграцияланған академиялық медициналық орталықтар мен университеттік клиникаларды құру тетігі арқылы ғылым, тәжірибе және білім берудің үш еселілігін қамтамасыз ету;

-Ғылыми- педагогикалық кадрлар мен білім беру және ғылымдағы медициналық ұйымдардағы оқушылардың құзыреттерін бағалауды енгізу;

-Медициналық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестік институтын енгізу.

Жалпы алғанда, Заң жобасында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық білім беруді жаңғырту, бизнес үшін шығындарды азайту,

Медициналық қызметкерлер мен денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, медициналық ұйымдарда корпоративтік басқаруды жетілдіру деген кең ауқымды мәселелер қарастырылады.