ДСМ балалардың газдалған сусыннан уланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

0
524

Хабарламада "Тархун" және "Ситро" газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар "M&M’S" дражесі, "Milky way" шоколады, "Дюшес" және "Барбарис" кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.


ДСМ балалардың газдалған сусыннан уланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

ERNUR.KZ. WhatsApp-та "Тархун" сусынын ішіп, уланған баланың қайтыс болғаны және басқа балалардың газдалған сусындардан қатты уланып қалғаны туралы фейк ақпарат тағы да таралды. ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Хабарламада "Тархун" және "Ситро" газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар "M&M’S" дражесі, "Milky way" шоколады, "Дюшес" және "Барбарис" кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.

ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.

"ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз", – деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, газдалған сусын ішіп, уланған балалар туралы хабарлама ресейлік қолданушылар арасында 2019 жылы таралған болатын.