ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

0
381

2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады.


ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

ҚР Бас санитарлық дәрігері – Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр, оның ішінде қашықтан термометрия бар.

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару). Инкубациялық кезең – 5-21 күн. Науқаста дене қызуының жоғарылауы, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы байқалады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта.

Маймыл шешегі ауруын приматтар мен кеміргіштер (тиіндер) сынды жабайы жануарлар таратады. Сондай-ақ инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтығы арқылы, ауру жануардың етін қолдану салдарынан жұғуы мүмкін.

2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады. Ұйымның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан 14 елде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада, Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай анықталған.

ҚР Бас санитарлық дәрігері жазғы каникул және демалыс маусымының басталуына орай шет елдерге шығатын қазақстандықтар үшін келесідей кеңесін берді:

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен) барудан бас тарту;

2) шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарларға (приматтарға, кеміргіштерге) таянбау, бей-берекет сауда орындарында және көшеде тамақтанбау. Тамаққа тек термиялық өңделген етті (азық-түлікті) пайдалану;

3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдалану. Қол гигиенасын сақтау;

4) сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және тағы басқа) байқалса – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық мекемеге дереу жүгіну.