Дубай Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

0
1 729

Бұл екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді.


Дубай Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады

ERNUR.KZ. Дубай Эмираты қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен ерекше құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«16 желтоқсан күні әлемдегі ең биік ғимарат – Дубай қаласындағы Бурдж Халифа Қазақстан Туының түсіне боянды. Әмірлік Тараптың осы бастамасы өзара түсіністік, құрмет және сенім рухында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін тағы да дәлелдейді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.