Дубай Қазақстаннан келетін туристерден екі рет тест тапсыруды талап етеді

0
780

Бұл міндетті ереже 29 елден келетін туристер үшін 1 тамыздан бастап күшіне енеді.


Дубай Қазақстаннан келетін туристерден екі рет тест тапсыруды талап етеді

ERNUR.KZ. Дубайға барғысы келетін қазақстандықтардың COVID-19 анықтайтын тестінің нәтижесі теріс болу керек. Сондай-ақ олар әуежайға келгенде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тағы анализ тапсырады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл міндетті ереже 29 елден келетін туристер үшін 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес туристер екі рет тест: біріншісін ұшаққа отырғанға дейін, екіншісін түскеннен кейін тапсыру керек. Бұл - коронавирус жұқтырған тұрғындары көп елге қатысты талап.

Екі тест тапсыруы керек мемлекеттердің тізімінде Қазақстаннан бөлек Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан Республикасы, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.