​Дүйсенбіде үш қаланың ауа сапасы нашарлайды

0
1 349

Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады


​Дүйсенбіде үш қаланың ауа сапасы нашарлайды

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп жазады Baq.kz.

Aқтау, Aқтөбе, Aлматы, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында ауа сапасы қолайлы болады.

Aтырау, Қарағанды және Талдықорғанда метеожағдайлар атмосфераның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.