Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы тегін таратады

0
745

Медициналық маскаларды қауымдастыққа Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жіберген.


Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы тегін таратады

ERNUR.KZ. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы тегін таратады. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, медициналық маскаларды қауымдастыққа Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жіберген.

"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы еліміздегі қандастарға тегін таратады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар және мектептер, әрі медициналық ұйымдар бар. Қауымдастықтың қызметкерлері бүгін Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Бозайғыр, Қоянды ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қорғаныш құралдарын таратты", - дейді Сырымбек Төлеуұлы.

Оның пікірінше, бұл шара коронавируспен күресуге септігін тигізеді.

"Бұл - халыққа көрсетіліп жатқан көмек. Бұл да азаматтарымызға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін, карантин талабын міндетті түрде орындау керегін көрсетеді. Қазіргі таңда әлем аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әсілі, қазақ аурудың атын айтпайды ғой. "Әр қазақ менің жалғызым" деген сөз бар. Бұл - бір-бірімізге бауырмалдық танытатын уақыт", - дейді Сырымбек Төлеуұлы.