Дүниежүзілік банк: Қазақстан байлығының 10 пайызын салық жеңілдіктері жұтып жатыр

0
1 248

Дүниежүзілік банк сарапшыларын елдегі әлеуметтік шығындардың тоқтаусыз өсіп жатқаны алаңдатып отыр.


Дүниежүзілік банк: Қазақстан байлығының 10 пайызын салық жеңілдіктері жұтып жатыр

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев Қазақстан салық жеңілдіктеріне тым көп шығын жұмсап жатқанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз мемлекет қаражатын дұрыс басқара Алмаған Грекия, Аргентина сияқты елдердің жағымсыз тәжірибесін білеміз. Бұл қарапайым отбасы бюджетіне ұқсас. Егер отбасылық шығындар оның ресурсынан асып кетсе, тұрмыс құлдырай бастайды. Соның салдарынан борыштарды өтеу мүмкін болмай кетеді. Экономикада да дәл осылай», - деді ол Дүниежүзілік банктің Қазақстанның бюджет саясатын талдаған шолу таныстырылымында.

Дүниежүзілік банк сарапшыларын елдегі әлеуметтік шығындардың тоқтаусыз өсіп жатқаны алаңдатып отыр.

«Кез келген елдің даму бағытын бюджет саясаты айқындайды. Бюджет саясатын табысты іске асырып жатқан елдер бар ма деп сұрап отырсыз ғой. Бұл мәселеге ұзақ мерзімде қарап көрейік. Мысалы, Қазақстанда қандай жағдай болып жатыр? Мұндай оңтайландыру проблемасы бар. Біздің шолуда Қазақстанның әлеуметтік бағыттарға өте көп шығын жұмсайтыны алаңдатады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 8 пайызы салық жеңілдіктеріне кетіп жатыр. Бұл негізі бюджеттің шығысы болып есептеледі. Бұл ақшаның бәрі белгілі бір салаларға кәсіпорындар ашуға көмектеседі. Ол компаниялар тиімді болуы да мүмкін, тиімсіз болуы да мүмкін. Яғни, елдің байлығының 10 пайыздайы салық жеңілдіктеріне жұмсалып жатыр», - деді Андрей Михнев.