ЕАЭО елдерінің барлығында жалақы өсті

0
785

Ең жоғарғы өсім Армения мен Қырғызстанда тіркелді


ЕАЭО елдерінің барлығында жалақы өсті

ERNUR.KZ. ЕАЭО елдерінің барлығында 2023 жылдың жарты жылдығында жалақы өсті, деп жазады sputnik.kz.

Орташа айлық жалақы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәрінде өскен.
Ең жоғарғы өсім Армения мен Қырғызстанда тіркелді (114,7% және 114,6%). Қазақстанда бұл көрсеткіш барлық одақтас елдердің ішіндегі ең төмен - 100,2%.
Қырғызстандағы орташа айлық жалақы 31,9 мың сом (168 389 теңге), Ресейде 70,2 мың рубль (412 876 теңге)
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Ресейден кейін екінші орында. Елдегі орташа жалақы 352 237 теңге.