eGov мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа қызметі іске қосылды

0
362

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.


eGov мобильді қосымшасында

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ-мен және ЦДИАӨМ-нің ҰАТ АҚ-мен бірлесіп eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді "Bilim" жаңа қызметін іске қосты, деп жазады inbusiness.kz.

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова барлық қажетті деректерді топтастырып, оны азаматтар үшін аса қолайлы әрі қолжетімді еткен сервис туралы айтып берді.

""Bilim" - бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ педагогтер үшін "Педагог портфолиосы" қолжетімді. Мұнда мұғалімнің электрондық құжаты қалыптастырылады, онда еңбек өтілі, қызмет жолы, санаты, аттестаттаудан өтуі бойынша мәліметтер топтастырылған", - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген.

Бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында "Bilim" бөлімін таңдау қажет.