Екі күміс, екі қола медаль: Азия пара ойындарында Қазақстан тағы төрт марапатқа ие болды

0
896

Үшінші орын үшін таласта отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді.


Екі күміс, екі қола медаль: Азия пара ойындарында Қазақстан тағы төрт марапатқа ие болды

Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында отандық спортшылар тағы төрт марапатқа ие болды, деп жазады Zakon.kz.

Ерлан Өтепов пара дзюдодан күміс медаль жеңіп алды. 90 келіден жоғары салмақта финалда ол Моңғолия спортшысы Ганбат Даштсераннан жеңіліп қалды.

Ерлан Қонкиев пара дзюдодан қола медаль иеленді.

Үшінші орын үшін таласта отандасымыз қытайлық палуан Ли Пенді 10:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек J2 санатында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.

90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Талғат Әжғалиев (J2 санаты) пара дзюдодан қола жүлдегер атанды. Ол Индонезия спортшысын сан соқтырды.

80 келі (К44) салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нышан Өмірәлі де ерекшелене білді. Ол пара таеквондодан күміс медаль еншіледі. Алтын медальға таласта Өмірәлиев Иран спортшысына жол берді.