Екібастұз - Павлодар тасжолында үш КамАЗ соқтығысты

0
732

Жол апаты түнгі үштер шамасында орын алған.


Екібастұз - Павлодар тасжолында үш КамАЗ соқтығысты

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы Еакібастұз қаласынан он шақырым жерде болған, деп жазады tengrinews.kz.

"Жол апаты бүгін түнгі сағат үштер шамасында Екібастұз - Павлодар тасжолында болды. Бір КамАЗ жолда бұзылып, жол жиегіне тоқтаған, екіншісі оған көмектеспекші болып тоқтаған. Үшіншісі жол жиегінде тұрған жүк көліктеріне соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді өңірлік полиция департаментінің өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Екібастұз қалалық ауруханасына 1982 жылғы ер адам түскенін растады. Ол басынан жарақат алған және миы шайқалған.