Екібастұз билігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияламақ

0
636

Қала маңындағы сорғы станциясы өртенді. Салдарынан 270 миллион теңге немесе шамамен 634 мың доллар материалдық шығын келді.


Екібастұз билігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияламақ

ERNUR.KZ. 29 тамызда "Қ.Сәтпаев атындағы канал" ШЖҚ РМК филиалының №2 сорғы станциясында өрт болды, деп жазады sputniknews.kz.

Станция Екібастұздан 35 километр қашықтықта орналасқан, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Мамандар оқиға орнына жеткенде төрт деңгейлі темір-бетон сорғы ғимаратының үшінші және төртінші қабатында сегіз ұяшықтан тұратын бақылау-таратушы құрылғы, ағаш есіктер, қабырғаның ағаш қаптамасы – жалпы көлемі 150 шаршы метр аумақ жанып жатқаны белгілі болды. Тартқыш кабелінің оқшаулануы 100 метр бойы жалпы аумақта созылып жатыр", - деді ведомство.

30 тамызда құтқарушылар өрт салдарынан станцияның мына агрегаттары істен шыққанын анықтады: сорғы агрегаттарының электрмен жабдықталуына қажетті 7 ұяшықтан тұратын 6 квт кешенді таратушы құрылғы (4 дана), автоматиканың релелі қорғанышы тізбегінің жұмысы, 3 шкафтан тұратын басқару панелі, синхронды қозғалтқыш, сорғы агрегатын іске қосатын шкаф, спутниктік байланыс шкафы, көпір кранының кабельдік шаруашылығы, сорғы станциясы ғимаратының бас іске қосу аппараты, кабельді жартылай қабат.

Өртке байланысты №2, 3, 4, 5 сорғы станцияларының жұмысы тоқтатылып, материалдық шығын 270 миллион теңгені құрады.

Осы оқыс оқиғаға байланысты Екібастұз әкімінің төрағалық етуімен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның отырысы өтіп, бұл жиында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланады. Сондай-ақ сорғы станциясына жөндеу жүргізу үшін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сәйкес қаулы жолданады.

Сорғы станциясы басшысының мәліметі боынша жөндеу жұмыстары шамамен 10 күнге созылады. Елді мекенге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта Екібастұз су қоймасында 17 миллион текше метр су бар. Екібастұздың бір айда тұтынатын су көлемі 1,7 миллион текше метрді құрайды. Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды облысына да қауіп жоқ екенін мәлімдеді.