Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

0
500

Жүк көлігінің жүргізушісі мерт болды.


Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

ERNUR.KZ. Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.