Екібастұзда 130-дан астам көпқабатты үйге жылы су берілді

0
674

Екібастұздың жылу беру жүйесінің мамандары ақауды табу үшін төрт күн бойы қаладағы құбырларды тексерді.


Екібастұзда 130-дан астам көпқабатты үйге жылы су берілді

ERNUR.KZ. Екібастұзда 137 көпқабатты үйге ыстық су беру қалпына келтірілді, деп жазады sputnik.kz.

Компаниядағылар төрт күн ішінде қаладағы жылу желілерінде жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде үш жүзге жуық құбырдың зақымдануы анықталғанын айтты.
"Сынақ қорытындысы бойынша 269 бүліну анықталды. Бүгінгі таңда оның 100-ден астамы жойылды", - деп атап өтті жылумен қамту мекемесіндегілер.
Анықталған залалдың жартысынан азын жоюға екі апта уақыт кетті. Есесіне қазір Екібастұздағы 137 үйде ыстық су беру қалпына келтірілді.
"Ыстық суға жүйелі қосылу жалғасады. 25 мамырға дейін 220-дан астам үйді ыстық сумен қамту жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-дағылар.
Өткен қыста Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттарға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.