Екібастұзда 20 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылмаған

0
1 165

Қала билігі қала тұрғындарына жылу беру маусымына алдын ала дайындалу керек екенін ескертті.


Екібастұзда 20 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылмаған

ERNUR.KZ. Екібастұздықтарға жылу берілгеніне бір ай болды. Ал 20 көпқабатты үйде жылу әлі толық берілмеген, деп жазады zakon.kz.

Бұған жылу беру-бермеу емес, үйлердің жылу маусымына техникалық тұрғыдан дайын болмай шығуы себеп болып отыр.

Осыдан 4 жыл бұрын Борангүл Мұфтахова жаңа пәтерге көшкеніне қуанған. Бірақ алғашқы қыста-ақ көп балалы отбасы солтүстіктің қысының бар "қызығын" көріп үлгерген. Жаңа тұрғын үй аязға шыдас бермеді, отбасы жылытқыштың арқасында ілдалдалап қысты өткерген.

"1 қазанда жылу берді, бірақ бізде әлі жылу жоқ. Суық үйде, бір бөлмелі пәтерде отырамыз. Үй ылғал. Үйде кішкентай бала бар. Жылытқыштарды қосып отырмыз. Залда екі жылытқыш тұр", - деді Екібастұз қаласының тұрғыны Борангүл Мұфтахова.
Екібастұз қаласының әкімдігі қазір 20 көпқабатты үйдің осындай жағдайда екенін хабарлады. Олардың әрқайсысы үшін арнайы комиссия жұмыс істейді.
"Тұрғын үйге тұрғындар өз бетінше қызмет көрсетеді, тиісінше, қажетті шараларды толық атқармайды. Тура сөзбен айтқанда, біз бүгін Энергетиков көшесі, 99 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге бардық, онда құбыр клапаны жабық тұрғаны анықталды, сондай-ақ су жылытқышқа рұқсатсыз ойық жасалған, ол тұрғын үйдегі гидравликалық режимді бұзған", - деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Қала билігі қала тұрғындарына жылу беру маусымына алдын ала дайындалу керек екенін ескертті.