Екібастұзда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды

0
551

31 қазанда полицияға жоғалып кеткен Алексей Рыковтың әйелі хабарласып, оның 15 қазанда жұмыс іздеп кеткеннен сол күйі үйіне оралмағанына айтып, көмек сұраған.


Екібастұзда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды

ERNUR.KZ. Алексей Рыковты өңірдің тәртіп сақшылары мен волонтерлары тура бір ай іздеген. Ақырында бұл шара өз нәтижесін берді, деп жазады zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қазанда полицияға жоғалып кеткен Алексей Рыковтың әйелі хабарласып, оның 15 қазанда жұмыс іздеп кеткеннен сол күйі үйіне оралмағанына айтып, көмек сұраған.

Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ жақын өңірлерге хабарламалар жіберілді. Іздеу парағы Екібастұз қаласы мен өңірлік ауылдары бойынша жапсырылып, ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Полиция қызметкерлерімен бірге іздеу шарасына волонтерлар мен қала тұрғындары да белсенді қатысты.

Біз күн сайын іздеуді жалғастырдық. Барлық нұсқалар бойынша жұмыстар пысықталды. Сауалнама кезінде туыстары оны бір айдан астам уақыт көрмегенін және бұрын да ешкімге хабар бермей, үйден кетіп қалатынын айтқан. Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Дәурен Қарашашев жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтады, - деді Екібастұз Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Белгілі болғандай, Алексей Рыков Екібастұз қаласынан 58 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істеп жүрген. Ол өңір бойынша жүріп, түрлі жұмыстар істеген. Оның жанында өзімен бірге телефоны болмаған.