Екібастұзда дәнекерлеуші биіктен құлап мерт болды

0
419

​Қайғылы оқиға 24 тамызда болған.


Екібастұзда дәнекерлеуші биіктен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Екібастұзда 35 жастағы дәнекерлеуші 6 метр биіктен құлап, бас жарақатын алды. Комаға түскен ол ауруханада көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 24 тамызда болған. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.

"Ақ аумағында 13:00 шамасында 35 жастағы газ-жлектр дәнекерлеуші жұмыс кезінде 6 метр биіктен құлап кетті. Қазір аталған дере бойынша тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Жұмысшы бірден ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ер адамға ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр жарақаты, бастың ісуі, самай және төбе сүйектерінің сынуы, қабырғаның сынуы, кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылғанын айтады. Алайда түнде ер адам тілге келместен көз жұмған.