Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті

0
349

1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.


Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Суға кеткен адамдардың денелері полицияға тапсырылды, деп жазады baq.kz.

Павлодар облысы жедел құтқару жасағының мәліметінше, 12 сәуірде сағат 17:15-те Екібастұз қаласының 112 пультіне Қ.Сәтбаев атындағы арнаның тоғызыншы сорғы станциясында 1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына төрт сүңгуір-құтқарушыдан тұратын Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы аттанды. Құтқарушылар сағат 19.30-да сүңгуір құралдарын пайдалана отырып, жағалаудан 40 метр қашықтықта екі балықшының біреуінің денесін шығарды. Сағат 19:52-де жағалаудан 70 метр қашықтықта екіншісінің денесі шығарылды, – деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар балықшылардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды және мұздың үстіне шықпауға кеңес береді.