Екібастұзда ер адамды не үшін атып кеткені белгілі болды

0
2 552

Кісі өлтірді деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталған болатын.


Екібастұзда ер адамды не үшін атып кеткені белгілі болды

ERNUR.KZ. Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында жатыр, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Полиция Екібастұздағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеуді жалғастыруда. Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында ер адамды атып кеткен болатын. Жантүршігерлік оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

"Тұрмыстық және жұмыстағы қақтығыстар, жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы бұрыннан келе жатқан дұшпандық қарым-қатынас кісі өлтірудің себебі болды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Естеріңізге сала кетейік, полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кісі өлтірді деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды.